Әкімдік отшашу туралы: Тұрғындардың көңілін көтерейік дедік

Нұр-Сұлтандағы кешегі отшашу әлеуметтік желілерде халықтың ызасын туғызып жатыр. Әкімдік фейерверктің не үшін керек болғанын түсіндірмек болып, ақталуға кірісті деп хабарлайды zakon.kz.

"Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған", - деп атап өтті Мәдениет басқармасы.