Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды

Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал актер Дархан Дайырбек 52 жасында өмірден озды. Бұл туралы режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай Facebook-парақшасында жазды.

«Бүгін түнде танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды. Біздің студия барлық туған-тыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға барлық уақытта өте көңілді жүретін, қайырымды еді. Біз оның дәл сондай жарқын бейнесін есте сақтап қаламыз. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысқа, адамдарға деген қарым-қатынасыңыз үшін рахмет. Иманды болыңыз!»,- деп жазды Нұртас Адамбай.