Қазыбек Иса. Жаназада от шашқан АСТАНА ҚАЙ ПЛАНЕТАНЫҢ ҚАЛАСЫ?!.

    Фото: А. Ергали
ПАРАСАТТЫ ПАТШАЙЫМ! ОСЫ ЕЛ ОСЫНДАЙ ПАТШАЛАРДЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ ЕКЕН?!. ҰЛЫБРИТАНИЯ ПАТШАЙЫМЫ ЕЛИЗАВЕТА II 94 жасқа толған туған күніне отшашудан бас тартып, шағын топпен қарапайым атап өтті... АМЕРИКА ДА ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАҒАН ЖОҚ! Біз ел жоқтау айтып жатқанда елорда күніне отшашу жасадық! Ел қырылып, Әлемге пандемия оқ шашып жатқанда, от шашып тойлайтындай астанамыз қай планетаның қаласы?!. "Егемен Қазақстанның" жарты беті, "Қазақ әдебиеті" газетінің екі беті елге танымал зиялылардың қазанамасына толып кетті... Аз уақытта аты белгілі қаншама адам көз жұмып жатса, сонда қарапайым халықтың ішінде не болып жатыр? Бір ауылда бір күнде үш-төрт жаназа болып жатқаны жан шошытады. Бір отбасынан екі-үш адам, тіпті төрт адамға дейін қауіпті тажал тырнағына ілінгендері де кездесуде. Ауруханалар болса лық толы, ауруларды қабылдамайды. Дәріханалар адам ауруын саудаға салып, бағаларын аспандатып жіберді... "Нью-Йорк таймс" газеті әлемде жан санына шаққанда індеттен ең көп адам ауырудан Қазақстан алға шыққанын жазды. Олар салған әлем картасында Қазақстан қып-қызыл боп, оттай жанып тұр... Иә, олар білгендей өрттей қызартқан екен - кеше астанамыз мерекелік отшашудан қып-қызыл болып жанып тұрды!.. Жаназамен жарысқан даңғаза күшті болды! Елге той жасама дейміз тағы да... ЕЛОРДАДАҒЫ ОТШАШУ ЖОҚТАУ АЙТЫП ЖАТҚАН ЕЛДІҢ ЕҢ СОҢҒЫ ҮМІТІН ДЕ ӨРТЕП ЖІБЕРДІ!?. Қазыбек ИСА, Қазақ үні