Өзбектер қазақтарды бәсекеде ығыстырып шығарды

Кешеден бері ауылда қызық жағдай. Ауылдың жігіттері 40 теңгеден жинап беретін престі Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылынан (100 км жерден) өзбектер келіп 25 теңгеден қырдан тасып, жинап беріп жатыр. Мына суреттің сыртында бір қора ауылдың қазақтары өзбектердің жұмысына темекі шегіп қарап тұрмыз. 40 теңгеден жинайтын ауылдың жігіттері тағы да жұмыссыз қалды. Ауылдың бәрі өзбектерге заказ беріп жатыр. Күніне 1000 престен жинап, бір күнде 25000 теңге ақша тауып, қазақтарды бәсекеде ығыстырып шығарды Қарабұлақ өзбектері.

"Сендерде Қазақстанда тұрасыңдар. Неге арзан?" деген сұрағыма "Біз бір күн бос жатқанша 10000 теңге болса да ақша тапқанымыз артық" деп жауап берді өзағам.

Не дейміз енді. Бейнетінің зейнетін көрсін. Нарықтың аты нарық. Бәсекеде жеңілдік.

Бауыржан Серікбаев, Фейсбук парақшасынан