Виталий ШРЕДЕР ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ!

Виталий ШРЕДЕР ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ! Белгілі журналист Максим Рожин мен әкімдік қызметкері Владимир Чепельдің Қазақ тілін қолдап, қол қоюы жақсы жалғасын табуда. Виталий Шредер Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекетттік тіл туралы заңды талап етіп, 121 мыңнан астам қол қойылған «Қазақ үні» сайтындағы Ашық хатқа қол қойды! Виталий Шредер 1983 жылы 3 тамызда Өзбекстанның Гагарин қаласында дүниеге келген. Яғни, өзіміздің қасиетті Мырзашөлдің мырзасы. Қазақ тілінің майын тамызып сөйлегенде қарап тұрып риза боласың! Қазіргі уақытта "Ақ жол" партиясы Шымкент қалалық филиалының жүргізушісі. Ұлты – неміс. "Ақ жол" партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Әбжановтың "Қазақ үні" газетіне берген сұхбатындағы: "Менің көлік жүргізушім Виталий – неміс ұлтынан. Қазақша менен артық білмесе, кем білмейді. Біздің елге ақыл айтқыш көп зиялыларымыз, депутаттарымыз, министр, әкімдеріміз, өнер жұлдыздарымыз, мемлекеттік қызметкерлеріміз Мемлекеттік тілді қолдауға қорқып отырғанда, менің неміс жүргізушім Виталий Шредер Мемлекеттік тіл туралы заңды талап еткен «Қазақ үні» сайтындағы 121 мыңнан асқан Ашық хатқа қол қойды!" деген бауырымыз осы азамат. Қазақ Елі Азаматы ретінде патриоттықтың үлгісін көрсеткен Виталий Шредерге Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін! ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ! Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!. https://qazaquni.kz/2020/06/19/147981.html ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН «Қазақ үні» сайтының сілтемесіне өтесіздер: https://qazaquni.kz/2018/09/05/65363.html