Президент парламенттік оппозицияға қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», делінген хабарламада.