Әлихан Баймен кітапханаға өте сирек жәдігерді сыйлады

Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Баймен кітапхана қорына сирек кітап сыйлады, деп хабарлайды "Қазақ үні". «Хаяту Хаяван» атты бұл энциклопедиясы 14-ғасырда Мысырда "насх" каллиграфиялық жазумен жазылған. Авторы Абу Бака Камалуддин Мухаммед ибн Мұса Иса ибн Али. 1900 жылы энциклопедия Қазанның Императорлық университет баспасында қайта басылған. Осы басылымның бір данасы 2018 жылы кітапханаға ұсынылған болатын. Оны қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығы жүргізді. Осыған орай, белгілі қоғам қайраткері Әлихан Байменмен онлайн режимде  кездесу өтіп, энциклопедияның тұсаукесері ұйымдастырылды. Көрермендерге кітапты таныстырып ғана қоймай, Әлихан Мұхамедиұлы тікелей эфирде өзге де өзекті мәселелерді көтерді. Қызықты, мазмұнды әңгімелер айтылып, көрермендердің барлық сұрақтарына жауап берілді.