"Коронавирус жоқ" деп өз-өзін алдаушылар көбейіп кетті - Фазылбек Әбсаттарұлы

"Коронавирус жоқтың" мықты бір маманы жолда маған докторлық диссертациясын қорғап тастады. Өзі бір жерде қарауыл екен, қосымша таксист дегендей. Бірақ профессордан кем емес "ғалымдығы" бар.

Жолда бір аурухана тұсынан өтіп бара жатқанда "айтпақшы мынау коронавируспен ауырып жатқандардың ауруханасы еді. Тоқташы. Кіріп шығайық" дедім. Ауласына дейін жақындаған кезде, менің серезно екенімді көріп, тоқтап қалды. "Бір-ақ минут уақытың кетеді. Маскасыз кіресің де шығасың. Коронавирус бар ма жоқ па білейік" деп едім. Ғалымдығынан, батырлығынан дым қалмады. Жолымызды жалғастырып кеттік.

Шын мәнінде ол аурухананың қандай аурухана екенін білмеймін. Тексеру үшін жай айта салған едім...

Негізгі айтпағым: "Коронавирус жоқ" деп өз-өзін алдаушы халық көбейіп кетті. Әсіресе ауылды жерлерде. Той томалақтар басталып қыза бастапты. "Бәрі өтірік" деп жайбарақаттылық басталып кетіпті. Бұл өте қауіпті құбылыс. Арты жақсылық болмайды. Қазірдің өзінде вирус жұқтырғандар 9 мыңға жуықтады. Ертең күрт көбейсе тіпті жатқызатын жер де табылмай қалады. Немқұрайлы қарамаңыздар.

Фазылбек Әбсаттарұлы, Фейсбук парақшасынан