АЛЛАХЯРОВА ШАХНИЯР ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП, ҚОЛ ҚОЙДЫ!

208

Белгілі журналист Максим Рожин мен әкімдік қызметкері Владимир Чепельдің Қазақ тілін қолдап, қол қоюы жақсы жалғасын табуда.

АЛЛАХЯРОВА ШАХНИЯР ЗИЯДҚЫЗЫ Конституциядан 7-ші баптың 2-ші тармағын алып тастап, Мемлекетттік тіл туралы заңды талап етіп, 115 мыңға жуық қол қойылған «Қазақ үні» сайтындағы Ашық хатқа 112 623-інші болып қол қойды!

Аллахярова Шахнияр Зиадқызы 1999 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Әзербайжан этно-мәдени бірлестігінің белсенді мүшесі. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 4 курс, “Қаржы” мамандығы студенті. Ұлты – әзербайжан.

Қазақ Елі Азаматы ретінде патриоттықтың үлгісін көрсеткен
АЛЛАХЯРОВА ШАХНИЯРға
Алғысымыз шексіз, құдай қуат берсін!.

ҚАЗАҚ ТІЛІ АЗАТ ТІЛ БОЛУЫ ҮШІН ҚОЛ ҚОЙҒАН ӘР АЗАМАТҚА ЗОР ТАҒЗЫМ!

Ал, СІЗ НЕШІНШІ БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙДЫҢЫЗ?!.

ҚОЛ ҚОЮ СІЛТЕМЕСІ:
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ заңды қолдап, ҚОЛ ҚОЮ ҮШІН «Қазақ үні» сайтының сілтемесіне өтесіздер:

КОНСТИТУЦИЯДАН 7-баптың 2-тармағын АЛЫП ТАСТАП, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ КЕРЕК! Ашық хат