«Ақ жол» депутаттары автоөнеркәсіп жетекшілерімен саланың инвестициялық саясатын талқылады

44

«Ақ жол» фракциясының депутаттары бизнес ахуалды жақсарту туралы заң жобасын бойынша жұмыстар аясында автомобиль өнеркәсібі бизнес қауымдастығының өкілдері «КазАвтоПром» және «КазАвтоБизнес», сондай-ақ «Сары Арка автопром» (Қостанай), «Азия Авто» (Өскемен), «Агрореммаш» (Орал), «Stahlbau» (Сез «Астана»), «СемАЗ» (Семей), «КазАвтобусПром» (Алматы) және т.б автомобиль жинақтау кәсіпорындарының басшыларымен бірнеше кездесу өткізді.

Кездесулер барысында отандық автомобиль өнеркәсібі саласындағы инвестициялық ахуал мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаларға ұсынылатын түзетулер, сонымен бірге, автокөлік техникасын локализациялау және өндіріс құнын төмендету мәселелері талқыланды.

Еске салар болсақ, осы жылдың аяғында барлық негізгі отандық өндірушілер үшін жеңілдіктер берген автокөліктерді өндірістік жинақтау туралы Келісім қызметінің мерзімі аяқталады. Осыған байланысты қазіргі қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін кезекті өзгерістер әзірленді.

Маңызды жаңалық – ЕАЭС өндірістік жинақтау туралы Келісім бойынша Қазақстанда жаңа автожинақтау кәсіпорындарды ашуға салынған шектеу алынып тасталатын болды. Аталған норманы «Ақ жол» фракциясының депутаттары бірнеше мәрте депутаттық сауалдарында сынға алған болатын.

Бизнес ахуалды жақсарту туралы заң жобасына енгізілген түзетулерге сәйкес, өнеркәсіптік жинақтау туралы келісім арнайы инвестициялық келісімшарттар шеңберіндегі артықшылықтарды қолданудың ажырамас шарты болып табылады. Олар осы кезге дейін шикізатқа импорттық баж салығынан босату үшін «еркін қоймамен» жасалған.

Сонымен қатар, жаңа келісімдерде өндіріс қуаты мен инвестиция көлеміне, базалық жұмыстарды (мысалы дәнекерлеу және сырлау сияқты) міндетті түрде қолдану жөнінде жоғары талаптар қойылатын болды. Бұл ұсыныстар кейбір компаниялар тарапынан жоғары және бәсекелестікке шектеу деген наразылықтарын туғызды. Мұндай қауіптер депутаттар тарапынан түсінік тапты. «Біз салық салу базасын кеңейту туралы үнемі қайталаймыз. Бірақ ақиқатына келгенде бәрі кері жасалады, өндірушілер үшін үнемі кедергілер туындайды» – деп атап өтті осы мәселеге қатысты депутат Екатерина Никитанская.

Сонымен бірге, Азат Перуашев жеңілдіктер мен артықшылықтарды қолдану міндеттемелерді орындаумен және бизнестің технологиялық дамуымен қатар жүруі керек екенін атап өтті:

«Біздің міндет – коммерция үшін тиімділік жасау ғана емес, нақты өндіріс пен жұмыс орындарын ашу, жаңа өндірістік операцияларды игеру болып табылады. Автомобиль жасау өнеркәсібі – машина жасау саласының бетке ұстары, өйткені, ол экономикалық дамудың технологиялық деңгейін көрсетеді. Сондықтан да, біздің нарық бәсекелестік үшін ашық болғаны маңызды, ол сіздің өнімнің қолжетімді бағасына әсер етуі тиіс» деді автомобиль өндірісі саласының өкілдеріне арналған сөзінде.

Талқылау нәтижелері бойынша ескертулерді ескере отырып түзетулерді пысықтап, оларды Мәжіліс қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.