Қанжігіт Сыздық: Президентті қолдап елдің тұтастығына жұмыс жасайық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның ЕАЭС-тегі сөйлеген сөзінде 2025 жылдарға арналып қабылданар құжаттың одаққа мүше елдердің егемендігіне нұқсан келтірер тұстары бар екенін, оны әлі де пысықтап барып қабылдау немесе қабылдамау қажеттігі жөніндегі ұсынысы «батыстағы» басты көршімізге ұнамағаны белгілі. Бұл ұсыныс әсіресе бұрыннан елдегі ұлтшыл азаматтардың «ЕАЭС-ке мүше болу елдің егемендігін шектеді» деген ойларын Қ.Тоқаев мырза керемет жеткізді. Патшалық Ресейді айтпағанда, кешегі 70 жылдық Кеңестік дәуірде өзге ұлттық республикаларға үстем болып үйренген оларға мына ұсыныс түрпідей тиді. Сонау бағзы заманнан биліктің «шексіздігіне» ұмтылу тариxтан белгілі. Енді олар қарап жатпас, өздерінің түрлі ұйымдары арқалы біраз нәрсеге барары сөзсіз. Өмір күрес, билік талас. «Қамданған қапыда қалмас» дегендей. БІЗде осыған жан-жақты даяр болғанымыз жөн. Президентті қолдап, елдің тұтастығына жұмыс жасайық АҒАЙЫН!!! Қанжігіт Сыздық, Фейсбук парақшасынан