«Орталық коммуникациялар қызметінің» басшысы ауысты

64

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, осыған дейін «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде «Орталық коммуникациялар қызметіндегі» маңызды брифингтердің Мемлекеттік тілде емес, тек орыс тілінде ғана өткендігі туралы мақалалар жарияланып, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Мысалы, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова еліміздегі коронавирустық жағдайға байланысты ОКҚ-да өткізген брифингі толық Ресей тілінде өткені туралы жазған болатынбыз.