Шығыс Қазақстанда ірі өрт болды – видео

29

Бұқтырма су қоймасы жағалауында өрт шықты. «Яры» демалыс базасы отқа оранды, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалын үш үй (адамдар тұрмайды) мен орманды шарпыған.

Төтенше оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары, жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, орманшылар мен жергілікті тұрғындар жетті. Жалпы саны – 21 адам.

Ірі өрттің видеосы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Еске сала кетсек, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында «Семей орманы» резерватында ірі өрт шықты. Жалын мемлекеттік орман қорының аумағын да шарпыды.

Құтқарушылар өртті 25 сәуір күні ауыздықтады. 3 948 гектар аумақ отқа оранды.