Терең тарихымызды келер ұрпаққа жеткізу әрбір азаматқа парыз – Үмітхан Мұңалбаева

63

Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР БҒМ Мемлекет тарихи институтымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай «Ұлық Ұлыс – Ұлы дала тарихы» атты Халықаралық онлайн-конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты – Еуразия мемлекеттерінің тарихында Алтын Орда дәуірінің рөлі мен оның ауқымды және кешенді зерттелуі, археология, тарихи экономика, тарихи география, нумизматика және басқа да гуманитарлық ғылымдардың, сондай-ақ, деректану мен эпиграфиялық зерттеулерді ынталандыру болды.

Іс-шараның модераторлары педагогика ғылымдарының докторы, профессор ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева мен Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессорБүркітбай Аяған және Қазақ Білім академиясының академигі Халықаралық түркі академиясының президенті және «Егемен Қазақстан республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшеcі Қыдырәлі Дархан болды.

– Қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орда мемлекетінің тарихын дәріптеп, таныстыру мақсатындағы іс-шарамызға ұйтқы болған Мемлекет тарихы институтына және баяндамашы ғалымдар мен қатысушыларға шексіз алғысымды білдіремін! Қазақстан мемлекеті өз тарихын түгендеп әрі жаңаша пайымдау бағытында тәуелсіздіктен бері қарай қаншама игілікті жұмыстар атқарды. Халқымызда «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мәтел бар. Бұрынғы даналарымыз түп-тамырымызды білудің діңіміздің мықты болуының кепіліне балағаны күмәнсіз. Осы орайда, тасқа қашалған терең тарихымыздың рухани мұраларын келер ұрпаққа жеткізу әрбір азаматқа парыз деп білемін, – деді жиынның ашылуында Үмітхан Мұңалбаева.

Ал жиынға қатысқандардан тарихышылар мен ғалымдар және профессорлар сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. Атап айтатын болсақ, Юлай Шамильоглу, тарихшы, АҚШ, Висконсин университетінің мәртебелі профессоры, Назарбаев Университетінің профессоры, қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі (АҚШ-Қазақстан), Абжемиль Абулхаиров, Қырым инженерлік-педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты (Қырым, Симферополь), Асиф Усубалиев, Әзірбайжан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениеттанудың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры, саясаттану бойынша PhD доктор (Әзірбайжан), Сыздықова Жібек, тарих ғылымдарының докторы, профессор, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының Орталық Азия және Кавказ елдері кафедрасының меңгерушісі (Ресей), Қабылдинов Зиябек Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қашқымбаев Амангелді, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Сабитов Жақсылық, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-сараптама орталығы вице-президенті, Темірғалиев Радик, саясаттану бойынша PhD доктор, ҚР Тұңғыш-Президенті-Елбасы қорының жанындағы Әлемдік эконмика және саясат институтының бас сарапшысы, Көшкімбаев Айболат, тарихшы, публицист, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры, Мақсат Алпысбес, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Исин Амантай, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Денис Черниенко, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, сондай-ақ, қазақстандық ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері мен кітапханашылар халықаралық форумның онлайн-көрсетілімін ZOOM.us. платформасында және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының Facebook парақшасында тікелей эфирде тамашалап отырды.