Шымкент қалалық мәслихатының депутаты өмірден озды

Белгілі қоғам қайраткері, "Ақ жол" партиясының мүшесі Анарбек Орманның ұлы, «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ның бас директоры, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Анарбекұлы Орманов 45 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден озды. «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесі Президиумы мен «Қазақ үні» газеті редакциясының ұжымы Анарбек Оңғарұлының ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болғай. Алла алдынан жарылқап, иманы саламат болсын! Құдай ұрпақтарына ұзақ ғұмыр бергей!