2020 жыл тарихтағы ең ыстық жылдардың бірі болады – ғалымдар

Ресей метеорологтарының болжамы бойынша, биылғы жыл тарихтағы ең ыстық жылдардың бірі болуы мүмкін, деп хабарлады 24.kz.

Бұған дейін америкалық Ұлттық мұхиттық және атмосфералық басқармасының (NOAA) мамандары 2020-ның тарихтағы ең ыстық жыл болуы 75 пайыз ықтимал, ал рекордтық бестіктің қатарына кіруі 99,9 пайыз ықтимал екенін мәлімдеді.

«Климатологтар әрбір бесжылдықтың рекордтық көрсеткішке жететінін айтады. Орташа температура жоғары бола түседі. Осыған дейін бесжылдық сайын температура көтерілді. Бұл жаһандық жылынудың сипаты және бұл атмосферадағы парниктік газдардың тұрақты өсуіне байланысты», - деді Ресейдің гидрометеорологиялық орталығының жетекшісі Роман Вильфанд.