Балалар ақын-жазушыларымен онлайн кездесу өтті

Кеше Қазақстан РеспубликасыҰлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық балалар кітап күніне орай балалар ақын-жазушыларымен онлайн кездесу өтті. Атап айтатын болсақ, Қазақстан және Еуразия жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлының "Балалар әдебиеті және Арманшыл бала кітабы", ақын, драматург, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершумен "Ертегітерапия" және жазушы Дария Джумагелдиновамен онлайн-кездесу болып өтті. Онлайн кездесу барысында ақын-жазушылары бүгінгі таңда балалардың кітап оқу мәселесі, балалар әдебиетінің ерекшелігі мен әр алуандығы жайында онлайн дәріс берді. Сонымен қатар балаларды кітап оқуға қалай бейімдеуге болады, олардың жас ерекшелігіне қарай қандай кітап оқығандары дұрыс, көркем әдебиетке баулу сияқты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, арнайы балалар ақын-жазушылары Байбота Қошым-Ноғай, Толымбек Әбдірайым, Тілеуғазы Бейсенбеков, Олжас Қасым, Асылан Тілеген, Серікбол Хасан, Дина Ораз, Әдина Жүсіп, Есей Жеңіс, Мирас Асан, Алмат Исаәділ, Әлібек Байболдың халықаралық кітап күніне орай өздерінің жүрекжарды тілектерін бейнесюжет арқылы жеткізді. Бұдан бөлек Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен 27 наурыз – 2 сәуір аралығында «Маған ұнаған жыр» атты поэтикалық онлайн жыр-байқауы өз мәресіне жетті. Баланың өзін-өзі танып, қалыптасып, дамуына кітап оқудың, жыр жаттаудың маңызы ерекше. Байқаудың негізгі мақсаты: жас буынды кітап оқуға, жыр шумақтарын жаттауға шақыру, қуатты да көркем ақындардың шығармаларын насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас талантты ақындарды таныту. Поэтикалық онлайн жыр байқауына еліміздің барлық өңірлерінен кішкентай жыр сүйер оқырмандарымыз белсенді қатысып, атсалысты. «Маған ұнаған жыр» атты поэтикалық онлайн жыр- байқауына қатысқан әрбір оқушының бойынан кітапқа оқуға, жыр жаттауға деген үлкен ізденістерін, талпыныстарын көріп қуандық.Қатысқан барлық сайыскерлер «жүзден жүйрік» деген атауға толық ылайық. Поэтикалық онлайн жыр- байқауына қатысқан әрбір оқушыға Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы атынан сертификат беріледі. Тағы бір айта кететін жайт, дәл осы күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапхана ақын, аудармашы, философия ғылымдарының докторы (PhD), ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым хатшысы Төрегелді ТҰЯҚБАЙДЫҢ «Абай және аударма» атты онлайн-кездесу өткізді. Төрегелді Тұяқбай төл шығармаларымен қатар, көркем аудармамен де айналысады. А.Лихановтың "Менің генералым" ("Күн түтылған күн"), О.Оразбердиеваның "Өмірімнің таңғы шағы", В.Лукшаның "Жарқырап жаз келді" атты кітаптарын аударған. "Қар адамы" поэмасы үшін "Жалын" баспасының үздік шығармаларға жариялаған конкурсының лауреаты атанды. Неміс ақыны Гетенің "Батыс-Шығыс жинағы" кітабын қазақ тіліне аударған.