Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 265 науқас тіркелді

200

29 наурыз сағат 14:40 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында – 11 адам, Алматы қаласында – 3 адам.

Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, жалпы 265 науқас тіркелді.