Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 121-ге жетті

473

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 1 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

27 наурыз, сағат 10.20-дағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында анықталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 60 адам, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1 адам, жалпы 121 науқас тіркелді», – делінген ақпаратта.