Димаш Құдайберген қазақстандық дәрігерлердің жалақысын өсіруге шақырды

556

Танымал әнші Димаш Құдайберген отандық дәрігерлердің жалақысын өсіруге шақырды. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

«Өзгелерге көмектесіп, өз өміріне қауіп төндіріп жатқан медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адамның коронавирустан жазылғаны туралы жаңалықты естідім. Бұл тек басы. Қазақстан мен бүкіл әлемнің дәрігерлеріне бас иемін. Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысын өсірсе не болмаса сыйлықақы берсе жақсы болар еді», – деп жазды Димаш.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.