Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті

26 наурыз сағат 08:25 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.