Шетелге кеткендерді Беларуське қайтып алып келмейміз – Лукашенко

9470
0
Бөлісу:

Беларусь елінде соңғы бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны он пайызға өсіп, 76 адамға жетті. Алайда үкімет әлі күнге дейін карантин жариялаған жоқ. Жеке меншік компаниялар өз бетімен қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырып жатыр. Студенттер оқуға бойкот жариялап, сабаққа барудан бас тартпақ. Сарапшылардың пікірінше, Беларусьте карантин осы аптада жариялануы керек. Алайда билік мұндай қадамға баруға асықпай отыр.

Осыдан 10 жыл бұрын басылымдар Беларусьті Еуропадағы соңғы диктатура деп атайтын. Алайда пандемияға байланысты бүкіл әлем қоршау орнатып жатқанда, бұл ел демократия үлгісін көрсетіп отыр. Шекаралары ашық, ірі фестивальдар мен спорт жарыстары өтіп жатыр. Ал вирус туралы әңгімені ресми деңгейде әбігерге салыну және арандатушылық деп есептейді.

– Адамдарды өздері және жақындары үшін жауапты болуға үйрететін кез келді. Егер жөтеліп немесе түшкіріп жүрсең сыртқа шықпай, өзгелерге жұқтырма. Бар мәселе осында, – деді Беларусь Президенті Александр Лукашенко.

Александр Лукашенконың бұйрығы бойынша, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде індет туралы жалған мәліметті таратып жүргендерді іздеуге кірісті. Сондай-ақ, елден кетпеу ескертуіне құлақ аспай, шетелге барған азаматтарға қарсы қатал шара қабылданбақ.

– Біз шетелге бармауды талай рет айтқанымызбен бәрібір тыңдамайды. Ескертуімізден кейін шетелге кеткендерге чартер жібермейміз. Енді пандемия біткенше, сонда қала берсін, – деді Лукашенко.

Ал осы кезге дейін сыртқы істер министрлігі қабылдаған шаралар арқасында екі мыңдай азамат отанына оралды. Қазір елден тыс жерде Беларусьтің бірнеше жүздеген тұрғыны бар. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, олардың бәрі жақын арада үйіне оралады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу