Шодиев Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат тарады

1651
0
Бөлісу:

Шодиев халықаралық қоры Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат жалған. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметінен мәлім етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шодиев халықаралық қоры Қазақстанның әлеуметтік желілерінің кейбір пайдаланушылары «Патох Шодиев Өзбекстанның коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларына 200 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді« деп жариялап жатқан мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігін ресми мәлімдейді», – делінген қор таратқан ақпаратта.

Шодиев халықаралық қоры (ICF) – Патох Шодиев 1996 жылы негізін қалаған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қор ТМД, Азия және Еуропа елдерінде қайырымдылық жобаларымен айналысады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу