Жасұлан Иса: НЕГЕ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖАЗУҒА ҚҰЛДЫҚ ҰРЫП ТҰРАМЫЗ?

...Ал. Қазақ тіліндегі, Мемлекеттің тіліндегі жазбасы қайда? Сол, "Соседи" дегендердің ішінде, бір Қазақтың болмағаны ма? Әлде, Қазақтар адам емес пе? Біз өзіміз, осындай заң бұзушылықтарды көре тұра, мән бермей, үндемей, айналып өте беретін болсақ. Кінә дә, күнә дә өзімізден...   Тілге келгенде, менің ұстанымым өзгерген емес. Өзгермейді де. Міне, осыған мен, 200% кепілдік бере аламын. Алдымен, Тіл деп, мен айтамын да, жазамын да, керек болса, Тілім үшін ашық шайқасқа да шығамын. Бұл менің ұстанымым! Әрі қарай, бірден кесіп айтарым. Алдымен, қазақ, шыныменен Қазақ болып алмай, Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлт өкілдеріне, әңгіме айтудың өзі дұрыс емес.   Осы жерден, өзімнің басымнан өткен, түбінде жеңіспен аяқталған бір ғана оқиғамен бөліскім келеді. 2015-16ж.ж. бір ТҮК (ЖК), және ПИК-де (КСК), бір де бір қазақ тілінде жазылған құжаттарын таппай, талап етіп арыздана бастадым. Нұротанға, бас прокурорға, қалалық прокурорға, әкімге де, хат жаздым. Соңында, тұрғындардан қол жинап, 500-дей адам жиналып, әдеттегідей тек Қазақ тілінде ғана жазылған ұжымдық хатты апарып жоғарыға тапсырдым. Сонда да, тұрғындардың көбісі өзіміздің қаракөздер, сол баяғы, "билік қазақша білмейді" дегенді сылтаулатып, орыс тіліндегі нұсқасының да болуын сұрап қоймаған. Ал, басқа ұлт өкілдері болса, мағынасын ғана сұрап, бірден қолдарын қойып берген еді. Сөйтіп, хатымыз тапсырылғаннан соң, сол жердің келіп-кетер құжаттары мен түгелі жарнамалық ақпараттары бір-ақ сәтте қазақиланып шыға келді. Кейін тіпті, орыстардың өзі қазақша амандасып, қал жағдай сұрасып кетті. Бұл женіс емеспе? Ал, қазір, құжаттарын орыс тілінде ғана жүргізетін қаңшама жерлер бар екенін біз жақсы білеміз. Неге? Өйткені тағы. Өзіміз, сол жерлерге барып тұрып, талап етпей, солардың (биліктің де) ыңғайына қарай жығыла саламыз да тұрамыз. Сөйтіп, "Билік қазақша сөйлемейді" деп біз отырмыз. "Қазақ тілді мамандар жоқ" деп олар отыр. Және, ұялмай, алақанымызды жайып, Қазақ тілінің бірінші болуын сұраймыз.   Менің, бір түсінбейтінім. Неге біз өзіміз, түрлі сылтау тауып, Қазақ тілін шеттетіп, орыс тілінде жазуға (сөйлеуге) құмарланып тұрамыз? Бір-ақ қана нәрсемен, өзі басым келісемін. Ол, кей бір ұқпайтындарды, нақты, сол өздерінің үйреңгішті тілдерімен "ұрып" түсіндіретін жерлері болатынымен. Осыны өзім де пайдаланамын. Өйткені, сөз қозғамас бұрын, алдымен ол жақтың да, мән-жайды ұғып алғандары дұрыс болады деп есептеймін. Жалпы, өзге тілді қолданатын жері болады. Ал, енді, оңға солға өзге тілін тықпалай беретінімізді, мен шынымен де, түсінбейді екенмін.   Мен Қазақпын, Ұлтшылмын, деп, кеудемізді соғып тұрып, шет тіліне қарай бүйрегімізді бұрып, сол тілді қолданғанды жақсы көріп тұрамыз да, отырамыз. Сондағы, айтатын сылтаумыздың бірі, "Билік қазақша оқымайды...". Олай болса, сол хатымызды пошта арқылы тіке жазып жіберейік те билікке. Басты ауыртпай. Ал, ортаға салып жазған соң, бұл жерде биліктен басқа да жандар оқып отыратындарын білуіміз керек қой. Және, тағы бір нақты айтатыным. Билік қазақша оқымайды деген, өтірік әңгімелерімізді доғарғанымыз жөн. Оқығанда қандай.   Жазбай-ақ қойайын деп едім. Барлығымыз, өзімідің "деңгейімізге" қарай орындықтарға жайғасып отырып алғанбыз. Соған мәзбіз. Ұлтшылмын деп әдемі сөйлеп келеміз де, тілге келгенде, өзі ыңғайымызға қарай (немесе, сол биліктің ыңғайына қарай) жығыла саламыз. Не үшін? Екі жақтан да бірдей "басбармақ" жинап отыру үшін бе? Әлде, бізге көрінбейтін бір келісім бар ма? Түсінбеймін. Айтсақ, айтты деп, іренжіп шыға келесіздер. Іренжімеңіздер. Шынымен, ешкімді іренжіткім келмейді. Тек, биліктегілерден қалай талап ететін болсам. Солай, мен, сіздерден де талап етемін. Ұлтшылмыз десек, бірінші Тілімізді көтеріп алайық! Тілге деген сұранысты күшейтіп алайық! Бір тілдің астында күресіп, бірігіп алайық! Қазақ тілі, Қазаққа ғана керек! Осыны дұрыс түсінсек екен деймін...   Жасұлан Иса, Фейсбук парақшасынан