Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 60 адамға жетті

498

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 60 жетті, деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 наурыз сағат 23:50-дегі жағдай бойынша, Алматыда бір адам коронавирус жұқтырған.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 25, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1 және Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.