Шымкенттік меценат көмек қолын созды

599
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы елімізде төтенше жағдай жариялағаннан кейін әлемді жайлаған індетті еңсеруге әркім өз мүмкіндігіне қарай атсалысып жатқаны аян. Осы тұста «Otau Group» холдингінің президенті әрі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент қалалық кеңесінің төрағасы Қайрат Молдасейітов коронавирус індетіне қарсы күреске 20 миллион теңге аударды. Жиналған қаржы Шымкент қаласының әлеуметтік салаға жауапты мамандарымен ақылдаса отырып, көмекке мұқтаж азаматтарға тапсырылмақ.

Бұған дейін Қайрат Құсейінұлы Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға 10 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіп, халықтың алғысына бөленген-ді.

Бүгінгідей сын сағатта да елдегі бизнесмендерге үлгі көрсете білуі үлкен азаматтық екені сөзсіз.

«Коронавирусқа байланысты еліміздегі көптеген саланың жұмысы баяулағаны белгілі. Бұл тұрғыда кәсіпкерлердің де зардап шегіп отырғаны жасырын емес. Бірақ, бұл мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, толық емес отбасылар көріп жатқан қиындықтармен салыстыруға келмейді. Сондықтан да, біз осындай қысылтаяң шақта қолдан келген көмекті аямауымыз керек», –дейді шымкенттік меценат Қайрат Молдасейітов.

Елдегі орын алған жағдайға байланысты «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан қор ашылды. Аталған қорға Қ.Молдасейітовтің қолдауымен 20 миллион теңге аударылды.

Сондай-ақ, меценат басқа кәсіпкерлерді де тұрмысы төмен отбасыларға жұмыла көмектесуге шақырды. Ел жайына бей-жай қарамайтын осындай атпал азаматтардың арқасында бұл қиындықты да еліміз аман-есен еңсеретініне сенім мол.

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу