Нұр-Сұлтанда төрт айлық нәресте коронавирус инфекциясын жұқтырды

1374
0
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова 20 наурыз күні коронавирус инфекциясы анықталған 3 науқастың жай-күйін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт айлық нәрестесі бар отбасы 19 наурызда Париж-Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен түсіріліп, ауруханаға жеткізілген.

«Аталған бортта 73 жолаушы болған. Сол борттан осы үш адам ауруханаға жеткізілді және соның ішінде 7 адаммен жақын байланыста болғаны анықталды. Қалған 63 жолаушы үй карантиніне жатқызылды», – деді басқарма басшысы қала әкімдігінде өткен онлайн-брифингте.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Алматы облысында к оронавирус індетін жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды.

21 наурыз сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2, Талдықорған қаласында – 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу