Қоғамды қазақ тілін білуге мəжбүрлеу қажет – Бағдат Қожахметов

5861
1
Бөлісу:

Елді, мемлекетті сақтап қаламыз десек

“Дедолларизация” жасаған билiк «Қазақизацияны» жасасын.

2018 жылы “Крыша», «Колёса», «OLX» сияқты сайттарға бағалар тек теңгемен кɵрсетiлсiн деген ресми ереже еңгiзiлген болатын. Долларды түсiрiп теңгенi кɵтеру үшiн. Содан берi ұлттық валютамыздың деңгейi бiраз ɵсiп қалды. Нəтижесi бар ғой? Бар.

Келесi қадам: «Крыша», «Колёса», «OLX» сияқты сайттардың (қосымшалардың) негiзгi ақпараттық тiлi – қазақ тiлiн жасау керек. Қазақстанда үй/пəтер/жер, кɵлiк, азық сатып алғың келе ма? Қазақ тiлiн үйрен, айналайын. Осы жолмен қазақ тiлiнiң мəртебесiн ɵсiруге болады.

Сонымен қоса Қазақстанға алып келiнетiн жаңа автокɵлiктердiң iшiндегi ақпараттық навигациясы қазақ тiлiнде болуы тиiс. Олда нəтижесiн бередi.

Кез келген тұтынышуға арналған ақпарат тек қазақ тiлiнде берiлсiн деген ережелердiң арқасында, қоғамды аздап тiл жаққа мəжбiрлеу қажет.

Елдi, мемлекеттi сақтап қаламыз десек.

PS: Ондай ой жоқ болса ɵзге тiлде сайрап жүре берейiк. Жетiсермiз.

Бағдат Қожахметов,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу