Қазыбек Иса: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ХАЛІ КОРОНАВИРУСТЕН БЕТЕР...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АУЫР ЖАҒДАЙЫ КОРОНАВИРУСТЕН КЕМ ЕМЕС БОЛЫП ТҰР!?.

ШҰҒЫЛ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ - МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МІНДЕТТЕЙТІН ЗАҢ КЕРЕК!

Мына суреттегі елді тәртіп сақтауға шақырған тартымды да, тапқыр сөйлемнің орыс тіліндегі нұсқасы орынды болып тұр:

"Мы ради вас остались на работе! Вы ради нас останьтесь дома!"

Қазақ тіліндегі жасанды аудармасы жарымжан болып шыққан!- "БІЗ СІЗ ҮШІН ЖҰМЫСТА ҚАЛДЫМ! СІЗ БІЗ ҮШІН ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!" Алғашқы сөйлем тіпті сорақы! Екінші сөйлемнің де оңып тұрғаны шамалы!

Тәуелсіздік алғанына 30 жыл болған елде Мемлекеттік тілдегі сөйлем емес... Ресей тіліндегі сөйлем қате болуы керек қой!?.

Интернеттен аудара салған калькалық аударманың дұрыс нұсқасы шамамен былай болуы керек: "БІЗДЕР СІЗДЕР ҮШІН ЖҰМЫСТАН ШЫҚПАДЫҚ!

СІЗДЕР БІЗДЕР ҮШІН ҮЙДЕН ШЫҚПАҢЫЗДАР!"

Сонда Біздің екі астанадағы ауруханаларда, денсаулық сақтау мекемелерінде, тіпті Денсаулық министрлігінде Мемлекеттік тілді мемлекеттік деңгейде білетін мамандар жоқ болғаны ма?!.

Қазыбек Иса, Қазақ үні