Карантин кезінде Алматы мен Нұр-Сұлтанға кімдер кіре алады?

Бөлісу:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына азаматтардың кіріп-шығу тәртібі туралы айтты, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі.

– Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының периметрі бойынша денсаулық сақтау органдарымен және қорғаныс министрлігімен бірге көлік құралдарының кіруі мен шығуы азаматтардың қозғалысын шектейтін жол жабықтары (блокпосттар) орнатылады. Қалаға Нұр-Сұлтан мен Алматыда тиісті тіркеуде тұрған адамдар және қалалардың өмірлік қызметтерін қамтамасыз етуге қажет адамдар ғана кіреді. Тізімді әкімдіктер анықтайды, – деді министр «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.

Сонымен қатар, министр жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік жүктелетінін ескертті.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. отан 18 Наурыз, 2020 19:40 Жауап

    22-інде не өзгеріс болмақ ұры назарбаевтың көт жалағыштары ұры шалды мақтап жарыса жазып жатқандарына қарағанда бір гәп жатыр ол не астана мен алматыны оқшаулап армияға күзеткізіп қойғанына қарағанда сүмелек тоқаевтың күні санаулы ма.

Пікір немесе жауап жазу