Тоқаев халықты сабыр сақтауға шақырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады, деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы халықты сабыр сақтауға шақырып, бұл күрделі жағдайды бірліктің арқасында еңсеретінімізді жеткізді. Тоқаев өз сөзінде төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары жүзеге асырылатынын, оған тиісті қаржы бөлінгенін айтты.