Тоқаев: Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керек емес

Бөлісу:

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемдік тұрақсыздық туралы айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

– Бүгінгі әлем тұрақты емес. Жаһандағы ахуал күн сайын өзгеріп жатыр. Өте құбылмалы жағдайда өмір сүріп келеміз. Кезінде қырғи-қабақ соғыс заманы өткен кезде барлық саясаткерлер енді әлемнің келешегі жарқын болады, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келеді, қақтығыстар болмайды деп айтқан болатын. Дегенмен, мұндай болжамдар бұрыс болып шықты. Қазір адамзаттың болашағы бұлыңғыр. Біздің еліміз де дүние жүзінің бір бөлігі – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керек емес екенін айтты.

– Бұл ғаламда Қазақстан өз халқымыздан басқа ешкімге керегі жоқ. Әрине, достарымыз аз емес. Бірақ біздің бүгінгі тыныш өмірімізді, табыстарымызды, тұрақты тіршілігімізді көре алмайтын жаулар да жеткілікті. Оны ешқашан естен шығармауымыз керек. Біздің болашағымыз – біздің ғана қолымызда – деді президент.

Дереккөз: baq.kz 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу