«Абай мұрасы – рухани қазына»

 Ұлы Абай атамыздың 175 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген ауқымды істер атқарылып жатқаны белгілі. Осындай игі ісітің бірі Ақтөбе қаласында өз жалғасын тапты. Атап айтқанда, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемле­кет­тік тарихи-мәдени және әдеби-мемо­риал­дық қорық-музейінің «Абай мұрасы – рухани қазына» атты көшпелі көрмесі Ақтөбеге әкелінді. Алдағы бір ай бойы ақтөбеліктер ақынның мол мұрасымен жете таныса түспек. Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемле­кет­тік тарихи-мәдени және әдеби-мемо­риал­дық қорық-музейінің «Абай мұрасы – рухани қазына» атты көрмесі ашылды. «Абайдың өмірі мен шығармашығына қатысты құнды деректермен танысып, музыкалық мұрасы, қоғамдық қызметі, Құнанбай Өскенбайұлы туралы мұрағат деректерін оқып, көре алады. Көрмеге 100-ден астам жәдігер әкелінді. Көрме барысында ел назарына ұсынылған құнды жәдігерлер арасында ері, кісе белбеу, тоғызқұмалақ тақтасы сынды Абай алақанының табы тиген бағалы дүниелер бар. 1885 жылы Семейдегі тарихи-өлкетану музейіне Абайдың өзі тапсырған асатаяқ, сыбызғы, ХІХ ғасырда пайдаланылған дауылпаз сынды музыкалық аспаптары да осы жерден табылады. Музейдің аға ғылыми қызметкері Қуат Қиықбайдың айтуынша, көрмеде Абай білім алған Семей қаласындағы Ахмет Риза мешіт-медресесінің ХІХ ғасырдағы Орта Азия елдерінде жарық көрген оқулықтар мен танымдық кітаптары бар. Абайдың әдеби-мемориалдық музейі М.Әуезовтің ұсынысы бойынша ақынның туғанына 95 жыл толу қарсаңында Қазақ КСР-нiң Халық Комиссарлар кеңесiнiң қаулысы негiзiнде құрылған Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби музей. 1990 жылы Абайдың 145 жылдық мерейтойына орай Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қаулысымен «Жидебай-Бөрiлi» мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі болып құрылды. Қорық-музейдің негiзгi қорын 1885 жылы Абайдың өлкетану музейіне тапсырған заттары құрайды. Ұлы Абай мұрасын ел арасында кеңінен насхаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. qazaquni.kz