ДИМАШТЫ КИЕВ ТЕ ҚАЗАҚША ҚАРСЫ АЛДЫ!

Киевтегі Жуляна халықаралық әуежайының диспетчері қазақстандық әншіні қазақша хабарламамен қарсы алды. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлайды.

Көпшіліктің қолдарында Қазақстан мен Украинаның жалаулары, әншіге шын пейілдерімен ұсынғысы келетін гүлдері мен сыйлықтары бар. Ал әншінің жанары "Дайдидау" әні 8 жылдан кейін Украинаға оралды!" деген жазуы бар үлкен плакатқа түсті. Демек, көрермендер Киевтегі концертті шынымен күткен екен.

Жанкүйерлер де Димашты қазақ тілінде: "Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!" деп таза әрі еш акцентсіз ұранмен күтіп алды. Олар сонымен қатар әншіге символикалық сыйлық – гетман күшінің нышаны болып табылатын зерлі мата сыйлады.

Сіздің әніңіз бен даусыңыз біздің жүрегіміз бен санамызды ешқашан өшпейтіндей жаулап алды. Бұл кестелі мата сіздің шығармашылығыңыздың біздің жүрегіміздегі орнының белгісі болып қалсын, – деді жанкүйерлер Димашқа қуанышпен.