Коронавирус тағы төрт елге тарады

595

Қытайдан тыс жерлерде коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңға жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, – деп хабарлайды tengrinews.kz.

Қытайдан тыс жерде вирус жұқтырғандар саны 12668 адамға жетті. Бұл – 76 елде тіркелген көрсеткіш. Соңғы бір тәулікте 2103 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал Қытайдан тыс жерде қаза тапқандар 214-ке (бір тәулікте 48) жетті.

Вирус тағы төрт елге тарады, олардың ішінде Аргентина, Чили, Польша мен Украина бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметі бойынша, Қытайда вирус жұқтырғандар саны – 80 422 адам (бір тәулікте 120). 2984 адам қайтыс болған (бір тәулікте 38). Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 93 090 адамға (бір тәулікте 2223) жетті.