Жәкішевтің қай күні бостандыққа шығатыны белгілі болды

Бүгін Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өткен Семей қалалық №2 сотының баспасөз қызметі оны енді қашан босатылуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 3 наурызда қабылданған сот шешімі 15 күннің ішінде өз күшіне енеді. Егер осы уақыт аралығында ешкім шағымданбаса немесе наразылық білдірмесе, шешім 19 наурыздан бастап заңды күшіне енеді. Бірақ прокурор оған қарсы шағым түсіре алады немесе адвокат бірдеңесімен келіспесе соттың бұл шешіміне жекелей арызданады, - дейді соттағылар.

Сондай-ақ ондағылар егер соттың бұл шешіміне қарсы шағым түсірілсе, іс материалдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциясына жолданатынын да ескерте кетті.