Сот Мұхтар Жәкішевке әділ шешім шығаратындығына сенімдімін – Мемлекет басшысы

Сот Мұхтар Жәкішевке әділ шешім шығаратындығына сенімдімін. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мемлекет басшысы М.Жәкішевке қатысты мәселе тек қана соттың құзіретінде екендігін баса атап өтті. «Әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірнеше рет жүгінгені маған да белгілі. 3 наурызда бірінші сатыдаға сот отырысы өтеді. Соның шешімін күтейік. Мен оның әділ болатындығына сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.