«OZATTAR» қайта оралды

 Биыл «Ozattar энциклопедиясы» мекемесі екінші мәрте Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясын жарыққа шығармақшы. Осыдан 2 жыл бұрын елімізде тұңғыш рет тұсауы кесілген танымдық жоба талайды тәнті еткен еді. Олай айтуымыздың өз себебі бар. Білікті маман мен білгір жастың есімін елге танытқан аталмыш басылым бірден сұранысқа ие болды. Араға бір жыл салып өз жазылушысын тапқан жинақтың берері көп, көрсетері мол. Республикадағы білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген үздіктердің есімдерін  баспа өнімі ретінде жинақтау мақсатында шығарылатын энциклопедияға жалпы білім беретін мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен мектеп оқушылары енгізілмек. Кітапқа еңбек өтілі 3 жылдан жоғары, яғни ұстаздық өмірге сіңісіп үлгерген, тәжірибелі, білім саласының озаттары ұсынылады. Бұл жобаның интернетте сайты  бар. Сайт 2017  жылы Халықаралық «Жылдың үздік сапалы инновациялық жобасы» байқауында үздік деп танылған. 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды. Жинаққа шығарылған адамдарды сайтқа енгізу де жоспарланған. Жобаның басты мақсаты – ұстаздардың мәртебесін көтеру, білімді азаматтарды насихаттау және оларға рухани қолдау көрсету. Жобаның тағы бір жаңалығы барлық қатысушыларға «Ozat pedagog» және «Oqý ozaty» төсбелгісі сыйға беріледі. Бұл жеке тұлғаның жетістіктеріне берілетін баға есебінде қарастырылған сый. Энциклопедияға есімі енген статус иелері Ozattar.kz сайтына жарияланады. Ozattar.kz – қызметіне адал қажырлы маман мен білуге әуес жалынды жастың басын қосатын рухани ошақ. Білім саласында биік белестерді бағындырған жеке тұлғанын жетістіктеріне жарнама. Оларға деген қоғамның көзқарасын оңалтып, абыройын арттырудың айшықты нұсқасы. Өсіп келе жатқан жас өскіннің жігерін шыңдауға, арман жолыңда аянбай жұмыс жасауға күш беретін құндылықтардың ордасы. 2020 жылы жарық көретін энциклопедияға өтініштер 10 сәуірге дейін ozattar.kz@mail.ru почтасына қабылданады.  Толық ақпарат алу үшін байланыс номері: +7 700 6006 304. qazaquni.kz