Абайдың 175 жылдығы Түркияда тойланды

Түркияның Анкара қаласындағы Хаджи Байрам Вели университетiнің оқу жылы хакім Абай атамыздың 175 жылдығына орай арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталымш шараға Ұлттық академиялық кітапхана атынан екі қызметкер қатысты. Атап айтатын болсақ, ғалым, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбраев және мекеме басшысының орынбасары Нұржан Жолдыбалинов қатысты. Шәкір Ибраев "Абай поэзиясының әлеуметтік парадигмасы», ал Нұржан Жолдыбалинов Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы жөнінде баяндамалар жасады. Батыс Еуропа әдебиеттану ғылымының сонғы жылдардағы бет бұрған мәселелерінің бірі – әлеуметтік парадигманың методологиясы. Постструхтуралистік теориядан кейін әдебиеттің әлеуметтік сипатын және қызметін басты орынға қоятын бұл тұғырнаманың мақсаты қоғамдық үрдістердің әдебиетпен байланысын бірлікте қарастыру. Абай поэзиясының өміршеңдігі мен актуалдылығы оның көркемдік мінсіздігінде ғана емес, әлеуметтік терең мәні мен астарында жатыр. Ақын шығармаларының әлеуметтік парадигмасы адам мен социумның арақатысын жаңаша пайымдауға шақыратыны сөзсіз, – дейді Ш.Ибраев. Нұржан Нұрланұлы Қазақстанның Ұлттық Электронды кітапханасын Түркия аудиториясына кеңінен таныстырып, осы жердегі оқырмандарға қолжетімділігін, тиімділігін айтып, Абай шығармаларымен де етене жақын танысып, электронды нұсқасын оқуға болатын жеткізді. Бұндай үлкен аудиторияға дәріс оқудың алдында қобалжығаным да рас, дегенмен тыңдаушылардың қызығушылығының жоғары екенін және соңында ыстық ықыласын, қошеметін көрсеткенде кеудемді бір мақтаныш сезім кернеді. Себебі, Ұлттық Электронды кітапхана жұмысына ғалымдар жоғарғы баға берді. Конференция жұмысы ерекше әсер қалдырды. Тәжірибе алмасуда береріміз де, аларымыз да көп болды. Осы тұста Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігіне, қонақжайлық көрсеткен Асель ханым мен Низоби мырзаға және әрдайым жастардың тәжірибе жинап, өсуіне жол ашып, жағдай жасап жүретін басшымыз Үмітхан Дәуренбекқызына зор алғысымды білдіремін!, – деді Н.Жолдыбалинов. Іс-шараға студенттер мен ғалымдар және оқытушылар қатысты.