Мереке берекеге ұлассын!

Белгілі кәсіпкер, абыройлы азамат, ел ағасы,

«АҚТАН» ЖШС Бас директоры Ғабит ДОСАНОВ мырзаға

Қадірлі Ғабит Аймұқанұлы! Сізді асқар бел асу Алпыс жасқа толған мерей­тойыңызбен құттықтаймыз! Еңбекте табыс тілеп, шаңырағыңызда шаттық шалқи берсін дейміз! Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы туған қасиетті һәм тарихи Торғай өңірінде туып-өскеніңіз ұлттық ұста­нымыңызды айқындауға зор үлес қосты. Отызда орда бұздыңыз, қырықта қамал алып, елуде ел ағасы бола білдіңіз. Ал көрнекті жазушы Шерхан Мұртаза: «Алпыс – тал түс» деген екен. Сіз өнегелі өміріңіздегі тал түсіңізге табыспен жетіп отырсыз. Асыл жарыңыз Жанна екеуіңіз алтын асықтай айдарлы ұлдарыңыз Димаш пен Рустамды тәрбиелеп өсіріп, инабатты келіндеріңіз Әлия мен Динарадан сүйікті немерелер сүйіп отырсыздар. Туған жердің тұлғалы перзенті және «Ақтан» компаниясының басшысы ретінде Қостанай облысы Амангелді ауданына қаншама рет қаржылай-материалдық көмек беріп келесіз. Бұл Сіздің үлкен жүректі, кең пейілді, перзенттік парызға адал азаматтық патриоттығыңызды айқын білдіреді. Құрметті Ғабит Аймұқанұлы! Сізді мерейтойыңыз қар­саңында «Ақ жол» партиясы мен Қазақ­стан тарихшылары қауымдастығы бір­ле­сіп бекіткен «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік медалымен марапаттап отырмыз. Сізге зор денсаулық, мол бақыт және Мере­кеңіздің Берекеге ұласуын тілейміз! Азат ПЕРУАШЕВ, «Ақ жол» партиясы төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 29 ақпан, 2020 жыл qazaquni.kz