Волонтерлік қызмет те үйренуді қажет етеді

Ақтөбе гумманитарлық колледжінің студенттері ерікті болудың қыр-сырын үйрене бастады. «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен «Leader-Q» қоғамдық бірлестігі кәсіби волонтерлық қызмет туралы түсінік беріп, «BIZ BIRGEMIZ» атты студенттермен кездесу кешін өткізді. Жастардың басқосуына арнайы шақыртылған колледж түлектері, ұстаздар қауымы, Қ. Жұбанов атындағы университет студенттері, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ерікті – жастары қатысты. Кездесудің негізі мақсаты - жастардың қоғамдағы рөлін арттыру, белсенді болуға, қоғамға қызмет етуге тәрбиелеу, жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, дұрыс бағдар беру. Кездесуге келген спикерлер әртүрлі бағытта ой қозғады. Ақтөбе облысы бойынша волонтерлық қызметті жүзеге асырып жатқан ұйымдар мен негізгі бағыттары туралы, жемқорлықтың алдын – алуға бағытталған жұмыстар туралы айтылды. Сонымен қатар, спикер өз сөзінде еліміздің болашағы жастардың қолында, осы орайда замандастарды әрдайым ізденіс жолында болуға және парасатты әрі адал қоғамды бірге қалыптастыруға шақырды. Кездесу барысында БҰҰ негізгі гуманитарлық-медициналық бөлімі болып табылатын «Қызыл Ай Қоғамы» жұмыстары туралы Дияров Ералхан, сонымен қатар жастарға қалай баспаналы болуға болады және оның жолдары мен бағдарламалар жайлы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің маманы Мақсат Заитов кеңес берді. Кеш соңыңда «Leader-Q» ЖҚБ төрағасы Ромат Мукашев қоғамдық бірлестіктің ең белсенді мүшелеріне куәлік табыстады. qazaquni.kz