Жұлдызай Форт: ОРЫСТІЛДІ БИЛІКТЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ТАЛАП ЕТУ КЕРЕК

2242
1
Бөлісу:

Мемлекеттік тілді білмегендер бізден кешірім сұрап, үйренуі керек

Бір рет мен Алматыда біраз күн қонақ үйінде болдым. Еден жуып жүрген әйелдердің бәрі қазақ, ал әкімшілік және ресепшында отыратын администраторлардың барлығы орыс болды. Бәрі жалғыз ғана орыс тілін біледі, ал қазақтар екі тілді.
Сол администраторлардың біреуі метис, бет келбетін қазақтан айыра алмайсың, бірақ бейджигінде аты-жөні орыс.
Бір күні бір апа ол кісіні қазақ екен деп, оған қазақша тіл қатты. Сосын мен апаға:« Жарайсыз, апа, орыстарға да қазақша сөйлегеніңіз дұрыс! Барлығымыз осыны талап етейік!» десем, апаның түрі кенеттен қорқыныштан күрт бұзылып, жалт бұрылып, ана администраторға жүгірейін деп жатыр.
Мен оның кешірім сұрайын деп жатқанын түсініп:« Апа, сіз одан кешірім сұрайын деп жатырсызба? Ол қайта мемлекеттік тілді білмегені үшін, сізден кешірім сұрауы керек қой, бармаңыз!» – деп жібермей қойдым.
Сонда құлдық сана қазақтың бойына сонша терең сіңгенін түсініп, қатты қынжылдым.

Әрине, қазақ тілінің бүгінгі жетім халіне орысшыл билік кінәлі – оны мен әр постымда жазып келемін.
Сонымен біздің ел қазақша өмір сүрсе, ол қазаққа не әкеледі? Қазақ тілі көп қолданылса, қарақөздерге жұмыс орындары көбейеді. Сонда пәтерлердің, сатылатын бизнестердің бағалары төмендеп, қазақтар қалаға көшіп, кәсіпкерлікпен айналусыға оңайырақ болады.
Қазақ тілі пайдаланбағаннан кейін шетелдік, газ, мұнай компанияларындағы кем дегенде жалақысы 1500 – 2000 $ болатын жылы жерлерге қазақтарды алмай отыр емес пе. Ондай орындар аз емес, мен білемін. Ал біздің қаншама оқыған, ақылды, бірнеше тіл білетін жастарымыз официант болып жұмыс істеп, соған да қуанып жүр. Бұл барып тұрған әділетсіздік қой.

Сол үшін әр қазақ жүрген жерінде қызметті қазақша көрсетуді талап ету керек. Соның арқасында біз ана тілімізге деген сұраныс тудырып, қарақөздерге жұмысқа орналасуына септігін тигіземіз. Әрине бірінші кезекте орыстілді биліктен мемлекеттік тілді қолдануды талап ету керек. Сонда бізді басқа ұлттар сыйлап, қазақтың әлемде беделі көтеріліп, ұлттық намыс, өзін-өзі жоғары бағалау, сенімділік пайда болар еді.

Жұлдызай Форт,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу