Әсет Әссәнди: ДТ МЕН ҚТ ТУРАЛЫ: ЕШКІМ АЙТПАҒАНДЫ, МЕН АЙТАЙЫН...

Қытайдағы коронавирустан да қауіпті рушылдықтан қашан арыламыз?!.

Оңтүстік өңірінде қалыптасқан дұрыс емес бір жаман ұғым бар: ел тұтқасын міндетті түрде ұлы жүздің баласы ұстау керек деген! Басқалары – халық жауы іспетті...

Қазір ел ағасы Қуаныш Айтахановты мақтайтындар легі ну орманнан қалыңдап кеткен. Ал, кезінде осы мақтауын жеткізе алмай жүрген "белгілі бір күштер" Айтаханов облысты басқаруға келіп қалмасын деген ниетпен алашапқын болды: сыртынан борандатып домалақ арыздарды ұйымдастырып, оны Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа дейін, айналасындағы ықпалды топтарға дейін жеткізді.

Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Бердібек Сапарбаев тағайындалғанда, осы "белгілі топ мүшелері" шалқасынан түсе жаздады. Алдыңғы әкімдеріміз жасамаған, жасай алмаған, қолынан келмеген игіліктерді іске асырған Б.Сапарбаевты итжеккенге айдап жіберуге дайын тұрған "абзал ағаларымыз" арнайы газет ашып, тығылып тұрып әкімді қара бояуға батыратын жалған мақалалар жазып, оларын бейнебіреулердің аттарынан жариялап жүрді.

Қай әкім болмасын, бетіне күліп қараған "мызғымас топ" Ерлан Айтахановқа да жұмыс істетпеді. Қызғаныш пен рушылдық дерті басым болды. Енді, міне, Мұрат Әйтенов келді. Оған да қарсы түрлі сценарийлер жазылып жатқанынан үшінші мегаполис тұрғындары бейхабар.

Қытайдағы коронавирустан да қауіпті бұл дерттен қашан арылады екенбіз? Әлгі топ мүшелері өздері ғана алып жүрген атақ-даңқтарын алып, орден-медальдарын алып, паектарын алып тынышталса, болмас па еді?..

Әсет Әссәнди, Фейсбук парақшасынан