Әсет Әссәнди: ДТ МЕН ҚТ ТУРАЛЫ: ЕШКІМ АЙТПАҒАНДЫ, МЕН АЙТАЙЫН…

10311
7
Бөлісу:

Қытайдағы коронавирустан да қауіпті рушылдықтан қашан арыламыз?!.

Оңтүстік өңірінде қалыптасқан дұрыс емес бір жаман ұғым бар: ел тұтқасын міндетті түрде ұлы жүздің баласы ұстау керек деген! Басқалары – халық жауы іспетті…

Қазір ел ағасы Қуаныш Айтахановты мақтайтындар легі ну орманнан қалыңдап кеткен. Ал, кезінде осы мақтауын жеткізе алмай жүрген «белгілі бір күштер» Айтаханов облысты басқаруға келіп қалмасын деген ниетпен алашапқын болды: сыртынан борандатып домалақ арыздарды ұйымдастырып, оны Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа дейін, айналасындағы ықпалды топтарға дейін жеткізді.

Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Бердібек Сапарбаев тағайындалғанда, осы «белгілі топ мүшелері» шалқасынан түсе жаздады. Алдыңғы әкімдеріміз жасамаған, жасай алмаған, қолынан келмеген игіліктерді іске асырған Б.Сапарбаевты итжеккенге айдап жіберуге дайын тұрған «абзал ағаларымыз» арнайы газет ашып, тығылып тұрып әкімді қара бояуға батыратын жалған мақалалар жазып, оларын бейнебіреулердің аттарынан жариялап жүрді.

Қай әкім болмасын, бетіне күліп қараған «мызғымас топ» Ерлан Айтахановқа да жұмыс істетпеді. Қызғаныш пен рушылдық дерті басым болды. Енді, міне, Мұрат Әйтенов келді. Оған да қарсы түрлі сценарийлер жазылып жатқанынан үшінші мегаполис тұрғындары бейхабар.

Қытайдағы коронавирустан да қауіпті бұл дерттен қашан арылады екенбіз? Әлгі топ мүшелері өздері ғана алып жүрген атақ-даңқтарын алып, орден-медальдарын алып, паектарын алып тынышталса, болмас па еді?..

Әсет Әссәнди,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. Тимур 18 Ақпан, 2020 12:16 Жауап

    Өсек аяң, арам адам арам ойлайды. Ойларың арам, ниеттерің арам содан солай ойлайсыңдар да отырасыңдар.
    Ұлжы жүз жаман болса неге жүрсіңдер Ұлы жүздің жерінде???

    • КАЗАК 19 Ақпан, 2020 16:47 Жауап

      Ұлжы жүз жаман болса неге жүрсіңдер Ұлы жүздің жерінде??? Тимур не жазып отырганынды билесинба,? Рууга болинбей котинди кысып отырсайшы, баримиз бир казактын баласымыз. Бул жер барлык казактын жери, КАЗАХСТАННЫН ЖЕРИ. Осы Рууга болинген казактардын кесиринен бир-бирин сатып кореалмаушылыктын кесиринен озге улт окилдери жеримизде тайрандап жур, ондай рууга болнуди койындар. БИЗ БАРИМИЗ КАЗАКПЫЗ!!!!!

  2. отан 18 Ақпан, 2020 12:21 Жауап

    қазақ бұл жүзді құрық берде қойға қой деп кеткен. сол дұрыс болып шықты билікке жеткендері ел мүдесін емес қара бастары мен руларын жинап мемлекетті сорлы күйге жеткізген тексіздер боп тұр.

  3. КАЗАК 19 Ақпан, 2020 16:51 Жауап

    АЙНАЛАЙЫН КАЗАКТАР….., РУУГА БОИНЕТИН БОЛСАНДАР КАЗАХСТАН ЕШ УАКЫТТА ОНБАЙДЫ

  4. Мансұр 24 Ақпан, 2020 11:13 Жауап

    Қазақ жүзге немесе руға бөлінбейді, қазақ рудан жүзден тұрады. Қан таза болсын бұзылмасын жеті атадан кейін қыз алысайық деп румен жүзден тұрған. Осы ҚТ ДТ деп бөлінбейақ қояйық. Себебі өзің ДТ боосаң әйтеуір бір құда жекжатың бөлең неме нағашың ҚТ, ҚТ болсаңда дәл солай ДТ бір туысың бар. Мына қамшының сабындай қысқа өмірде сыйласып өтейік. Әкім болған ағаларымыз бірінші орында Елге қызмет ету үшін келеді, Ол жергілікті жерде Президентіміздің өкілі

Пікір немесе жауап жазу