Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы министрлік саясатына наразы

Елдегі кәсіпорындардың үштен бірі банкрот болса, 2020 жылдың соңына дейін өнім бағасы 40 % қымбаттайды

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдан бастап отандық құс фабрикаларындағы тауық жұмыртқасы өндірісін субсидиялаудан бас тартпақ. Бұл шешім ешкіммен ақылдаспастан, бизнес өкілдері мен салалық қауымдастықтың келісімінсіз шығарылған.

Қазақстандағы жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы министрлікпен мүлде келіспейді. Мұндай шешім қазақстандық тұтынушылар үшін жұмыртқа бағасының қымбаттатып қоймай, түптің түбінде саланың құрдымға кетуіне әкеп соғады.

Министрлік өз шешімін саланың елді импортқа тәуелділіктен толық арылтқанын, енді қолдауға зәру еместігімен түсіндірді. Екінші себеп – субсидияны бөлу, оны алу және мақсатты жаратудың ашықтығы ұсынылмайды екен.

Қауымдастық ашықтық мәселесін шешу оңай екенін айтады. Бар болғаны кәсіпорындарға аудит жүргізіледі. Олар ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидия алу талабы үшін міндетті аудит жүргізу ұсынысын айтқан.

Еске салайық, 2008 жылдан бері жем-шөптің құнын азайту мақсатында төленіп келген. Алынған субсидияның тиімділігін құс фабрикалары 2 негізгі көрсеткішпен көрсетеді:

1) Өндіріс көлемі 2 есе артты (2009 жылғы 2 млрд-тан 2019 жылғы 4 млрд жұмыртқаға дейін)

2) 2009-2019 жж баға 66% өсті, өзіндік құны ол кезде 106% болған.

Соңғы үш жылда өнімнің өзіндік бағасы 16,6% өсті, ал сатылым бағасы 14,8% артқан. Ал жұмыртқа өндірісінің негізгі құрамдасы – жем сол уақыт аралығында 34,1 % қымбаттады.

Импортқа тәуелділікті азайту бағытында құс фабрикалары құрылыс, жаңғырту және өндірісті кеңейту үшін екінші деңгейлі банктерден несие алып келді. Бүгінде кәсіпорындардың өтелмеген қарызы баршылық. Егер субсидия алынып тасталса, барлық кәсіпорындар бірден қаржылық қиындыққа тап болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 32 жұмыртқа құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. Олардың 11-і шағын өндіріс көлеміне ие (100 млн жұмыртқаға дейін). 16-сы орташа (100-200 млн жұмыртқа) және 5-еуі ірі (200 млн-нан көп). Егер субсидия алынып тасталса, 2020 жылдың өзінде барлық шағын және кейбір орташа құс кәсіпорындары банкрот болып, тіпті жұмысын тоқтатуы мүмкін. Ал жұмыртқа өндірісінің көлемі екі есеге дейін төмендеп кетеді. (2019 жылғы 4,5 млрд данадан 2020 жылдың соңында 2-3 млрд данаға дейін) 2 мың жұмыс орны қысқарады.

Оған қоса, субсидияның алынып тасталуынан жұмыртқаның өзіндік бағасы бірден 15% қымбаттайды. 2020 жылдың соңына дейін қауымдастық жоспарына сай өнім бағасы 40% қымбаттайды. Сонымен қатар, белгілі себептерге байланысты нарықтағы қазақстандық өнім арзанырақ ресейлік және белорусстық өніммен ығыстырылуы ықтимал. Демек, республика қайтадан импортқа тәуелді болып қалады.

Осылайша, ауыл шаруашылығы министрлігінің субсидияны алып тастау туралы шешімі ҚР жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының пікірінше, үлкен тәуекелге алып келеді. Қазақстандағы жұмыртқа саласы құлдырауы бек мүмкін. Тіпті, жойылуы ғажап емес.