Мақтааралда ұлтаралық татулықты сақтауға арналған меморандум қабылданды

200
0
Бөлісу:

Мақтаарал ауданының әкімі, ауданының прокуроры, ҚР ҰҚК-нің аудандық бөлім басшысы, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудандық соттың төрағасы, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ, аудандық «Тәжік», «Славян», «Өзбек», «Әзірбайжан», «Корей» этно-мәдени орталықтарының төрағалары өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум түзді.

Меморандумның негізгі мақсаты – Түркістан облысы Мақтаарал ауданы бойынша ұлтаралық түсінбеушіліктің, кикілжіңнің, қақтығыстың алдын-алу, этникалық мәселелерді теріс саяси мақсатта пайдалануға жол бермеуге бағытталған ортақ жұмыс жүргізу болып табылады.

Айта кетейік, меморандумдағы мақсаттарды жүзеге асыру бойынша көп жақты әріптестік бағытта жұмыс жүргізілетін болады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

13 − он =