ҚҰТТЫ БОЛСЫН АСУЛЫ АЛПЫСЫҢЫЗ!

116
0
Бөлісу:

Біздің «Қазақ үні» газетінде екі суретші бармыз. Біреуі – орыс редакциясы меңгерушісі Дастан Елдес. Екіншісі -мен. Дәкең Алматы көркемсурет училищесін, мен Абай атындағы ҚазПИ-дің (қазіргі ҚазҰПУ) көркемсурет факультетін бітіргенбіз.
Екеуміз де газетке номер сайын шығамыз.
Екеуміздің де тақырыбымыз күйіп тұрған Ұлттық мәселелер.
Айырмашылық, ол орыс тілінде, мен қазақ тілінде жазамыз.

Белгілі журналист Дәкең не жазса да, асықпай, жеріне жеткізіп, зерттеп, зерделеп жазады. Қандай тақырып болса да, жілігін шағып, майын ішіп, дәмі мен нәрін сезіп жазады. Суретші екені әр жазғанынан анық байқалып тұрады. Сондықтан оқырманын бірден баурап алады.
Сараптамалық мақаланың нағыз шебері – біздің Дастан Елдес!
Жоғарыда отырған, көкірегінде саңылауы барлар «Қазақ үнінен» Дастан Елдестің мақаласын іздеп оқиды.
Редакцияда газет шығатын күні Дәкеңнің мақаласынан бір сөз не тақырып өзгеретін болса, Дәкеңмен редакция басшылығы арасында ұзаққа созылған үлкен келіссөз жүреді…

Сол біздің Дәкең -«Қазақ үні» газетінің Дастан Елдесі бүгін Алпыстың асуына шығып отыр!

Мерейлі жас құтты болсын, Дәке!
Мереке Берекеге айналсын! Шаңырақта шаттық пен шапағат шалқи берсін! Көңіліңіз келісті, өміріңіз жемісті де, жеңісті бола берсін! Осылай шуақты да, қуатты бола беріңіз! Алла жар болып, Жұлдызыңыз жарқырай берсін!
Қазақ Үнін биіктен шырқап, алдыңыздан Ақ жол ашыла бергей!

Құтты болсын асулы Алпысыңыз!
Алпысыңыз – тарланбоз талтүсіңіз!
Жалғандықты жоюмен тартысыңыз,
Жақсылыққа арналсын бар күшіңіз!
Құтты болсын асқар бел Алпысыңыз!

«Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz порталының атынан Қазыбек ИСА.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

тоғыз − бір =