Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

215
0
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді, – деп хабарлайды Ақорда.

Архимед Мұхамбетов өңірдегі тұрғын үй құрылысының, соның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған баспаналар салудың  оң қарқыны, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ, арнайы техника мен автомобильдер шығару жөніндегі маңызды индустриялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағаларының өсуіне жол бермеу шараларын қабылдаудың маңызды екенін атап өтіп, Арқалық Жылу энергиясы орталығын қайта қалпына келтіру жұмыстарын тезірек аяқтауды тапсырды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз − 8 =