Тоқаев дүнгендердің қазақ тілін үйренуіне мән беруді тапсырды

3999
1
Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа үкіметтік комиссияның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Ауқатты және басқа да ауылдардың тұрғындарымен өткізген кездесу қорытындысы бойынша мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті елдегі тұрақтылықты, ұлттар мен этностар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға бағытталған шаралар қабылдау үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

Кездесу барысында Жамбыл облысындағы дүнген қауымының жергілікті қазақ қауымдастығымен араласуына, қазақ тілін үйренуіне, мемлекеттік органдарға құрметпен қарауына қатысты мәселелерге баса мән берілді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 13 Ақпан, 2020 12:50 Жауап

    Еліміздің президенті Тоқаев мырзаның айтқаны өте орынды талап. Мемлекетімізде тұратын өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілге аса мән беруін тапсырғаны оң шешім. Мемлекетімізде тұратын өзге ұлттар сол Бір ел, Бір тіл, Бір тағдыр атты бағдарламаға аса мән беріп жүзеге асыруын талап етсе. Тұрған жерінің заңына бағынуы және мемлекеттік құндылықты сақтауын да талап етуі керек !

Пікір немесе жауап жазу

4 × 5 =