Оралдық зағиптар уақытылы жалақы төлете алмаған шенеуніктің көзін байлап тастады

478
0
Бөлісу:

Үш ай бойы жарытымды жалақы ала алмай, ашуға булыққан оралдық зағиптар салаға жауапты шенеуніктің көзін байлап тастады. Олар өздерінің мүшкіл халіне атқамінерлердің назарын осылай аударуға тырысты. Мүгедектердің жеке көмекшілері былтырдан бері тиесілі жалақыларын толықтай алмағанын айтады. Бұл аздай қаңтар айында да жалақысыз қалыпты. Амалы таусылған зағиптар енді қала әкімінен заңды митинг өткізуге рұқсат беруін сұрады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Зағиптар Орал әкімімен кездесуге тыңғылықты дайындалыпты. Алдымен бір-бірін жетелеп жүріп, түгендеп алды да, талаптары көрсетілген арызға түртінектеп қол қойды. Бірақ шенеуніктермен бірден тіл табысу оңай болмады. Ақыры жұмыспен қамту бөлімі басшысының көзін орамалмен байлап тастады.

Жеке көмекшінің қызметін 400-дей оралдық мүгедек пайдаланады. Көмекшілер – өздерінің жақын туысы немесе жұбайы. Әйтпесе көзі көрмейтін жанның қасынан күндіз-түні табылып, жетелеп жүру мүмкін емес. Мемлекет сол қызметтің әр сағатын 360 теңгеге бағалап, 3-4 сағатына ғана ақы төлейді екен. Бірақ олар сол ақшаның өзін ала алмай жүрміз дейді.

«2018 жылы желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір… Бес айдың ақшасын алған жоқпыз. Солай кетті. Сотқа берді отдел занятости, бірақ срок давности наступил деп істі жауып тастады. Енді қазіргі таңда біз срок давности болар деп сотқа бердік, бірақ отдел занятости ешқандай шара қолданған жоқ», – деді І топ мүгедегі Есенғали Өтегенов.

Ашуға булыққа зағип азаматтар жалақы мәселесін шеше алмаған жауапты шенеуніктерді соттап, жалақыны түгел төлеуді талап етуде. Екі сағатқа созылған кездесуде екі тарап ортақ бітімге ақыры келді.

«Ақпан мен наурыздың ішінде бізге осы қаңтардың қарызы төленетін болды. Сағаттарымызды кішкене көбейтеді. Сосын соны қалай болса да, сотқа жеткізбей төлейтін болды», – жеке көмекші Зәуреш Шатикова.

«Атқарылған жұмыстар актісі болады. Сол акті бойынша олар дәлелдеп шығуы керек ол кісіні жетектеп, өздерінің жасап жатқан қызметтерін дәлелдеуі керек. Содан кейін 8 сағатқа дейін төлеу мәселесі тұр. Ол енді әрбір жеке көмекшімен жеке-жеке шешілуі керек. Ол енді жалпылама емес. Әрқайсысын шақырып жеке жұмыстанатын боламыз», – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Галеев.

Осы жылдан бастап, мүгедектерге қызмет көрсету жүйесіне өзгертулер енгізілген. Яғни, әлеуметтік портал арқылы зағиптар өзіне ұнаған қызмет көрсетушіні өзі таңдайды. Алдағы уақытта мүгедектер ақпан айында рұқсат етілген митинг өткіземіз дейді. Бірақ жергілікті әкімдіктің бұған айтары жоқ.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

тоғыз − бес =